22 жастағы қазақ боксшының келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды

Сурет: instagram

22 жастағы қазақстандық боксшы Рай Сейітжанов (6-0, 3 КО) келесі жекпе-жегін 10 шілде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы бокс кешінде өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі MTK Kazakhstan компаниясына сілтеме жасап.

Қазақстандық кәсіпқойдың қарсыласы 34 жастағы ресейлік Максим Чурбанов (8-8-1) болады.

Еске салайық, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 KO) украиналық Станислав Скороходпен (20-2, 17 КО) жұдырықтасу керек болған. Алайда бірнеше күн бұрын украиналық боксшы жарақат салдарынан айқасқа шықпайтынын мәлімдеді. 

Бұл кеште Али Балоев (10-0, 7 КО), Абай Төлеш (8-1, 5 КО), Рахат Сейітжан (5-0, 3 КО), Айдос Медет (6-0, 4 КО), Ержан Залилов (11-3-2, 5 КО) және өзге де қазақстандық боксшылар рингке шығады.