Бокс
17 желтоқсан 2020 14:11

22 жастағы қазақ боксшы 26 қарсыласын сұлатқан боксшыны нокаутпен жеңді

Сурет: Suleimen Promotions©

22 жастағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (3-0, 2 КО) 31 жастағы ганалық қарсыласы Эммануэль Дансоны (35-6, 26 КО) жеңді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек толық алты раунд жалғасты. Алайда соңғы раундта төреші қазақ боксшының анық басымдығына байланысты кездесуді тоқтатты. Дансо ары қарай айқасуға дайын екенін айтып, наразылық білдірді. Дегенмен, шешім шығып қойған еді. Осылайша, Бек техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет 2019 жылғы Азия чемпионы. Биыл маусымда ол Қазақстан құрамасы сапынан шығып кетті.