Орт салмақтағы америкалық Джахай Такер (14-1-1, 6 KO) дивизионындағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлына жаңа қарсылас?Такер жеңісіне соншалықты сенімді сонша ол бұл жекпе-жек үшін Қазақстанға келуге дайын екенін айтты.
"Мен Жәнібекпен 24-25 жасқа толмай тұрып жұдырықтасқым келеді. Оның еліне барып, белбеулерін тартып алып, үйге қайтамын", – деді 22 жастағы Такер Tha Boxing Voice-қа берген сұхбатында.
Джахай Такер кім?Такер кәсіпқой бокспен 16 жасында айналыса бастады. Бір жылдан кейін ол Жәнібек Әлімханұлының да ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Америкалық боксшының келесі жекпе-жегі 25 маусымда Нью-Джерси штатының Ньюарк қаласында өтеді. Қарсыласы жергілікті Лоренцо Симпсон (15-2, 9 KO).
Такер кейінгі жекпе-жегін 5 сәуір күні Лас-Вегаста өткізіп, тәжірибелі британиялық Трой Уильямсты (20-4-1, 14 KO) төрешілер шешімімен жеңді. Осылай ол карьерасындағы жалғыз жеңілісті жапты.
Сол күні Астанада Жәнібек Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, IBF және WBO титулдарын қорғады.