Бекзаттың қарсыласы 28 жастағы танзаниялық Ибрагим Маокола болды. Ол кәсіпқой карьерасында өткізген 24 жекпе-жектің он төртінде жеңіске жетіп, тоғыз рет есе жіберген және бір тең түсіпті.
Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын. Бірден шабуылға көшкен қазақ боксшы қарсыласын бірінші раундта-ақ нокдаунға түсірді. Дегенмен Маокола үзіліске дейін шыдады, алайда, Нұрдәулетов оны екінші раундта ақыры есінен тандырды.
Еске салайық, Бекзат 2019 жылы әлем чемпионы атанды және Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайды.