Бокс
8 маусым 2020 09:33

22 жастағы Азия чемпионы бокстан Қазақстан құрамасынан кеткенін мәлімдеді

Сурет: ҚБФ
Бокстан Қазақстан құрамасындағы Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой боксқа ауысатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Ұлттық құрамнан кеттім. Кәсіпқойға ауыстым", - деп жазыпты Нұрмағанбет Instagram желісіндегі сұрақтарға жауап беріп.






22 жастағы Нұрмағанбет 2019 жылы 81 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанған. Қыркүйекте Түркістан облысының тумасы әлем чемпионатына аттанау керек еді, алайда, жарақат алып қалды да, оның орнына Бекзат Нұрдәулетов барып алтын жүлде жеңіп алды. 

Еске салайық, ақпанда тағы бір Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет те кәсіпқойға ауысқан. 

"Шеберлікті шыңдап". MTK Қазақстан құрамасындағы боксшының кәсіпқойдағы жекпе-жегіне дайындығын көрсетті