21 жастағы Нұрқанат Райыс әлем чемпионатында қарсыласын айқын басымдықпен жеңді
©ҚФБ
21 жастағы Қазақстан құрамасының боксшысы Нұрқанат Райыс әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
21 жастағы Қазақстан құрамасының боксшысы Нұрқанат Райыс әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатының 1/8 финалында отандасымыз ауғанстандық Сулиман Асламимен жолығып жеңіске жетті.
Кездесудің екінші раундында Райыс қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал үш раундтың қорытындысы бойынша 5:0 есебі тіркелді.
Ширек финалда отандасымыз енді италиялық Сальваторе Кавальяроға қарсы кездесу өткізеді.
Жарнама