Бокс
2 қараша 2021 20:35

21 жастағы Нұрқанат Райыс әлем біріншілігінің ширек финалында жеңілді

©ҚФБ

21 жастағы қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

1/8 финалда 75 келіге дейінгі салмақтағы отандасымыз италиялық Сальваторе Кавальяроға қарсы шығып, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. 

Осылайша, Қазақстан құрмасының тағы бір боксшысы ширек финалда сүрінді. Бұған дейін Санатәлі Төлтаев та ұтылып, әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтаған еді. 

Ал Теміртас Жүсіпов (48 келі),  Махмұд Сабырхан (54 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі) әлем чемпионатының жартылай финалына шығып отыр. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport