21 жастағы қазақстандық кәсіпқой кезекті қарсыласын нокаутқа түсірді

©o1ne.sport

Жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Александр Ковригин (4-0, 3 КО) кәсіпқойдағы төртінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ванген-им-Алльгой (Германия) қаласында өткен бокс кешінде Ковригин грузиялық Нукри Гамгебелимен (10-13, 7 КО) жұдырықтасты. Төртінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын сабай бастағанда, төреші араласып, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, Ковригин техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport