Суперауыр салмақта жұдырықтасатын 21 жастағы қазақстандық Данила Семенов (3-0, 2KO) Новосибирскте өткен Boxing Night 5 шоуындағы жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алты раундты айқаста ол 42 жастағы африкалық Осборн Матиманамен (23-14-2, 17 KO) кездесіп, бірінші раундта-ақ қарсыласын құлатты, осыдан кейін Осборн орнынан тұрмады.
Еске салайық, салмақ өлшеу рәсімінде Данила Семенов таразыда 105,6, ал Осборн Матимана – 146,0 келі көрсеткен.
Айта кетейік, бұл бокс кешінде қазақстандық Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет те төрешілер шешімімен жеңіске жетті.