21 жастағы қазақстандық Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта WBA International белбеуіне ие болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Аталмыш жекпе-жек елордада өтіп жатқан "Көшпенділер шайқасы 2" турнирі аясында болғанын айта кеткен жөн. Алдымен Павлов үшінші раундта ганалық Исаак Сэкиді нокдаунға түсіріп, төртінші раундта мүмкіндік бермей төпелеп ұрып тастады. Нәтижесінде төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, Евгений Павлов кәсіпқой карьерасындағы бесінші кездесуінде жеңіске жетіп отыр.