auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

21 жастағы әлем чемпионы және бес бәсекелес. Келесі Олимпиадада ауыр салмақта билік жүргізетін боксшылар

Төрт жылдан кейін Левит пен Қоңқабаевты көш басында болмауы мүмкін.

21 жастағы әлем чемпионы және бес бәсекелес. Келесі Олимпиадада ауыр салмақта билік жүргізетін боксшылар
Сурет: ҚБФ
Ауыр салмақтағы Василий Левит пен Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасына Қазақстан құрамасының көшбасшылары болып барады, алайда, осы ойындардан кейін өзге боксшылар алдыңғы қатарға шығады. Толығырақ Vesti.kz материалында. 

2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Левит Токиоға 33, ал Қоңқабаев 29 жасында аттанады. Ең ауыр салмақтағы қос боксшы үшін бұл қалыпты, бірақ, 2024 жылы екеуінің де орнын өзгелер басуы мүмкін. Оларды алмастыра алатын кімдер?

Бірінші кезекте ол жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов. 21 жастағы боксшының деңгейі көз алдымызда өсіп келеді. Сондықтан Олимпиададан кейін бірінші ауыр салмақ, тіпті суперауыр дивизионды билеуі ғажап емес. Мүмкін, Олимпиада чемпионы атағында.

Суперауыр салмақта жастар арасында тағы бір үміт артып отырған боксшы бар - Дамир Тойбай. Осы салмаққа ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайлар да келуі әсте мүмкін. Сағындық Тоғамбай да негізгі құрамға өтуге тырысары сөзсіз. 

Сонымен қоса, 22 жастағы Бек Нұрмағанбек те бар. Әзірге ол қосалқы құрамға түсіп қалғанымен, Азия чемпионатын жеңіп үлгерді, сондықтан ротацияда бар. Осылайша, екі орынға кемі алты үміткерді тізіп бердік. Дегенмен жартылай ауыр салмақта қалғысы келетіндер болар.

Еске салайық, бокстан Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасына толық құраммен барады, алайда, бапкерлер штабы әлемдік іріктеуде тағы бірнеше лицензия жеңіп алуға тырысуы мүмкін. Ал Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға шегерілді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар