Бокс
Бүгін 10:19
 

2026 жылғы ӘЧ-нің жүлделік есебінде Өзбекстан екінші болды: бірінші кім?

  Пікірлер

blog.share

2026 жылғы ӘЧ-нің жүлделік есебінде Өзбекстан екінші болды: бірінші кім? ©ҚБФ

Қазақстан құрамасы Черногорияның Будва қаласында өткен 2026 жылғы 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында сегіз жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасы Черногорияның Будва қаласында өткен 2026 жылғы 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында сегіз жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан қанша жүлде алды?

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар бір алтын, үш күміс және төрт қола жеңіп алды.

Әлем чемпионы атанған Зарина Толыбай 80 келіден жоғары салмақтағы финалда ресейлік Самира Итониеваны 4:1 есебімен жеңді.

2026 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Алина Құдайгенова (57 келіге дейін) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) болды.

Қола жүлделер Мадира Жұмақан (51 келіге дейін), Индира Қыдырмолдаева (60 келіге дейін), Данияр Ақбісенов (60 келіге дейін) және Еркетаң Жарқынбек (90 келіге дейін) жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Будвада өткен әлем чемпионатында бастапқыда 20 боксшымен сынға түсті: 10 бозбала мен 10 бұрымды.

Бокстан 2026 жылғы әлем чемпионатында жүлделік есепте қай ел бірінші?

Жалпы жүлделік есепте Ресей құрамасы бірінші орынға шықты. Ресейлік боксшылар бес алтын және бес күміс жеңіп алды.

Екінші орынға төрт алтын, екі күміс және екі қоламен Өзбекстан құрамасы жайғасты. Үздік үштікті екі алтын, бір күміс және екі қола жеңіп алған АҚШ құрамасы түйіндеді.

Қазақстан әлем чемпионатының жүлделік есебінде төртінші болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!