Ағылшын тіліндегі Boxingscene порталы аустралиялық боксшы Джей Опетаяның жаңа зеландиялық Дэвид Ньикке қарсы нокаутын 2025 жылдың ең үздігі деп таныды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек 8 қаңтарда Аустралиядағы Gold Coast Convention Centre аренасында өтіп, төртінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл жеңіс арқасында Опетаяға бірінші ауыр салмақта IBF және The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғап қалды.
Осы жекпе-жектен кейін Опетая италиялық Клаудио Скуэоны 8 маусымда бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңді, сондай-ақ 6 желтоқсанда германиялық Хусейн Чинкараны сегізінші раундта сұлатты. Осы нәтижелер арқылы ол әлемдегі ең мықты крузервейттердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Джей Опетая кәсіпқойда әлі жеңіліп көрмеген. Ол 29 жекпе-жекте жеңіске жетіп, соның жиырма үшін нокаутпен аяқтаған.