Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылы Дубайда (БАӘ) өткен әлем чемпионатының үздік боксшысын анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл атақ өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа бұйырды. Ол 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда ресейлік Баир Батлаевты 4:1 есебімен жеңіп, алтын жеңіп алды.
Осылайша, 32 жастағы Дусматов екі дүркін әлем чемпионы атанды (2023, 2025). Сонымен қатар, оның қоржынында Азия чемпионаттарының алтын жүлделері (2015, 2017, 2022), 2022 жылғы жазғы Азия ойындарының және 2016, 2024 жылдардағы Олимпиада ойындарының алтын жүлделері бар.
Жарнама