2017 жылдың ең мықты менеджері Жәнібек Әлімханұлы рингке шығатын күнді хабарлады

© Top Rank
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) рингке наурызда оралады. Бұл туралы қазақстандықтың менеджері Эгис Климас хабарлады.

WBC Continental Americas және WBO Global титулдарының иегері Әлімханұлы бұған дейін 2020 жылға үлкен жоспарлар құрып отырғанын айтқан еді. Қазақстандық боксшы чемпиондармен жұдырықтасуды қалайды.



Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 10 қарашада Фреснода (Калифорния штаты, АҚШ) канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, титулдарын қорғап қалған.

2019 жылы қазақстандық боксшы рингке төрт рет шығып, бәрін жеңіспен аяқтаған. Үш кездесуді нокаутпен жеңген еді.
Жаңалықтар