Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақтағы рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) чемпион болып тұрған орта салмақта өзгерістер болды. Қазан айында ғана бірінші және екінші орын бос болған, ал енді тізімдегі бірінші орынға Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) көтерілді. Бұл бразилиялықтың GGG-ге міндетті қарсылас атанғанын ресми белгісі.
Ал екінші орын сол күйі бос қалды, үшінші орында германиялық Патрик Войцицки (15-0-1, 6 КО) өзгеріссіз тұр.
Айта кетейік IBF рейтингінің топ-10 тізімінде Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 KO) да бар.