Бокс
21 қазан 2022 11:55

20 нокауты бар боксшы Головкинді сабап белбеулерін тартып алмақ

©instagram.com/esquivafalcao

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 KО) сабайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Британиялық Крис Юбенк алдағы Конор Беннмен айқастан кейін Головкинмен жұдырықтасқысы келтіні туралы журналист Уилсон Бальдини Twitter желісінде жазған еді. Фалькао оған бірден жауап жазды. 

"Оған күту керек болады ха-ха-ха, GGG-ді мен сабап алғаннан кейін бәрі менімен бетпе-бет келгісі келеді", - деп жазыпты Фалькао.

Біраз уақыттан кейін Фалькао Головкиннің белбеулерін көздеп отырғанын да жазды. 

Еске салайық, WBA және IBF ұйымдарының ортақ шешімі бойынша Головкин міндетті қарсылас болып келетін Фалькаомен айқасуы тиіс. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport