20 жастағы Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалында
20 жастағы қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
20 жастағы қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бүгін, 2 қараша күні отандасымыз әлем чемпионатының ширек финалында бразилиялық Майкл Тринидадқа қарсы жұдырықтасты. 54 келіге дейінгі салмақта өткен бұл айқасты Сабырхан толық өз басымдығымен өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалында үндістандық Акаш Кумармен кездеседі. Бұл боксшы өз кезегінде 5:0 есебімен венесуэлалық Йоль Финаль Ривастан үстем болды.
Айта кетейік, Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан екінші қазақстандық боксшы атанды. Бұған дейін бұл кезеңге Теміртас Жүсіпов шыққан еді.
Айта кетейік, бүгін әлем чемпионатының бірінші сессиясында тағы үш боксшы шаршы алаңға шығады. Бұл кездесулердің трансляциясын мына жерден көре аласыздар.
Жарнама