54 келіге дейін салмақта Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғап жатқан Махмұд Сабырхан 1/4 финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
1/8 финалда 20 жастағы Махмұд Сабырхан шотландиялық Мэттью Макхэйлмен кездесіп, үш раундтың қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді келесі айналымда отандасымыз бразилиялық Майкл Тринидадпен кездеседі. Бұл айқас 2 қарашаға жоспарланған.
Еске салайық, бүгін, 31 қазанда шаршы алаңға тағы үш боксшымыз шығады. Бұл кездесулерді мына сілтеме бойынша көре аласыздар.
.