20 жастағы Махмұд Сабырхан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін айқын басымдықпен жеңді

©ҚФБ

Белградтағы әлем біріншілігінде 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан боксшымыз Махмұд Сабырхан бірінші кездесуінде айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жарыстың бірінші айналымында 20 жастағы Сабырхан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері кореялық Ин го Киммен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Енді келесі айналымда Махмұд Сабырхан шотландиялық Мэттью МакХэйлмен кездеседі. Бұл боксшы бірінші айналымда ресейлік Курбан Байранбековтен айласын асырды. 

Еске салайық, бүгін шаршы алаңға тағы бір отандасымыз Айбек Оралбай да шығады. 92 келіге дейінгі салмақта түсетін боксшымыздың қарсыласы польшалық матеуш Березницки болады. 

Сондай-ақ кешкі сессияда Саматәлі Төлтаев пен Асланбек Шымбергенов те өз кездесулерін өткізеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии
Жаңалықтар