20 жастағы қазақстандық боксшы Тимур Баситов Тайландта өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды msports.kz сайты.
Баситов тайландтық боксшы Дон Паруангпен жұдырықтасты. Тәжірибелі қарсыласқа қарсы жекпе-жекте отандасымыз төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіп отыр.
Айта кетейік, WBC Silver титулын иеленген Дон Паруанг кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізіп, 11 қарсыласын нокаутқа түсірген. 2018 жылы ол италиялық Кристиан Дажионы 12-раундта жойқын соққыларымен есінен тандырды. Италиялық боксшы сол күйі ес жимай, екі күннен кейін аурухана төсегінде қайтыс болды.
Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне жетіп отыр.