20 жастағы боксшы әлем чемпионатының финалындағы жеңілісі үшін кешірім сұрады

©AIBA

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Белградтағы әлем чемпионатының финалындағы жеңілісі үшін кешірім сұрады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

54 келі салмақтың финалдық кездесуінде 20 жастағы отандасымыз жапониялық Томоэ Цубоямен кездесіп, жеңіліп қалған болатын. 

"Мақсатым алтын жүлде еді... Бас жүлде үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Бірақ жеңіске жете алмадым. Тағы бір мақсатымыз - Вэл Баркер кубогін Қазақстанға алып келу болды. Көздеген мақсатыма жетпегенім үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын", - деді Махмұд жекпе-жектен кейін. 

Еске салайық, бұл әлем чемпионатындағы әзірге жалғыз алтын жүлдені Қазақстан құрамасының қоржынына 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Теміртас Жүсіпов салды. 

Ал бүгін, 6 қараша күні финалдық кездесуде отандастарымыз Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) өнер көрсетеді. Бұл кездесулерді мына сілтеме арқылы көре аласыздар. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар