20 ел Ташкенттегі ӘЧ-ге бойкот жариялап басқа турнир өткізеді
Бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялайтын 20 ел Нидерланды жерінде балама турнир өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Жаңа Зеландия бокс қауымдастығының басшысы Стив Хартли мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ташкентте өтетін әлем чемпионатына тағы бір ел бойкот жариялады
"Таңғысын Zoom арқылы альянстағы 20 ел өкілімен кездесу өткіздім, ол елдердің ешбірі Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын бірде-бір шараға енді қатыспайды. Ерлер арасындағы әлем чемпионатының орнына Нидерландыда балама турнир өтеді", - деп береді функционердің сөзін Stuff басылымы.
Еске салайық, әйелдер арасындағы ӘЧ наурыз айында Нью-Делиде, ал ерлер арасындағы әлем біріншілігі мамыр айында Ташкентте өтеді.
Жарнама