Амеркикада өнер көрсететін тегі мексикалық боксшы Диего Пачеко (26-0, 19 КО) екінші орта салмақтағы бос тұрған WBO титулы үшін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жекке шығудан бас тартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Пачеко басқа жекпе-жекті таңдадыПачеко WBO рейтингінде Әлімханұлынан кейін тұр және бос қалған чемпиондық титулға айқасуға басым құқыққа ие еді. Алайда америкалық боксшы титулдық жекпе-жектің орнына аралық кездесу өткізуді таңдады.
Everything Boxing мәліметінше, 14 қарашада Лос-Анджелесте (АҚШ) Пачеко (26-0, 19 КО) отандасы Дариус Фулгуммен (15-1-1, 13 КО) кездеседі.
Осылайша, Әлімханұлы чемпиондық белбеу үшін айқаста тағы қарсылассыз қалды. Бұған дейін WBO титулын британиялық Хамза Шираз (24-0-1, 19 КО) босатқан еді. Ол қазақстандық боксшыға қарсы міндетті титулдық жекпе-жек өткізуден бас тартқан.
Пачеко титулдық жекпе-жектен екінші рет бас тарттыПачеко WBO титулы үшін жекпе-жектен екінші рет бас тартып отыр. Бұған дейін америкалық Ширазбен кездесуден бас тартып, мұндай шешімін жаңа бапкері Джеймс Макгирттің талаптарына бейімделу қажеттілігімен түсіндірген.
Хосе Бенавидес жаттықтыратын командадан дау-дамаймен Джеймс Макгирттің қол астына ауысқан Пачеко дайындыққа уақыт қажет екенін айтып, Ширазға қарсы титулдық жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Енді Пачеко чемпиондық жекпе-жектің орнына тағы да аралық кездесуді таңдады. Ал Әлімханұлы жаңа салмақ дәрежесінде WBO титулына міндетті үміткер мәртебесін сақтап отыр.