Бангкокта (Таиланд) 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы 2025 жылғы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жарыста Қазақстан қоржынына 80 келі салмақтағы Құралай Егінбайқызы мен 90 келі салмақтағы Расул Асанханов қана бір-бір алтыннан салды. Қалған қазақстандық спортшылар финалда қарсыластарына жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.
Жалпы медальдық есепте біздің былғары қолғап шеберлері бесінші орынға ие болды. Олар 13 жүлде жеңіп алды: 2 алтын, 5 күміс және 6 қола.
Бірінші орынды 13 жүлдемен Өзбекстан құрамасы алды - 7 алтын, 3 күміс және 3 қола.