Орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) келесі қарсыласының есімін атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта WBA титулына ие доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) жекпе-жекке байланысты келіссөздер жүріп жатыр. Көптен күткен бұл жекпе-жек жақын арада өтуі мүмкін.
"Мен Карлоспен жұдырықтасқым келеді – мұны бәрі біледі. Мен менеджеріммен байланыстым, ол келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Жанкүйерлер көптен күткен жекпе-жектің күні алыс емес сияқты. Егер Карлос қорқып, қашып кетпесе, бұл айқас жуырда өтеді!" – деп жазды Жәнібек X әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, қарсыластар бірнеше айдан бері әлеуметтік желілерде бұл жекпе-жекке қызығушылықты қыздырып келеді. Алайда қазіргі жағдайда олар нақты келісімге бір табан жақындады. Бұл айқастың жеңімпазы IBF, WBO және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанады.
Бір қызығы, Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізуді тағы бір қазақстандық боксшы – Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) да күтуде. Ол қазіргі таңда доминиканалық чемпионның міндетті үміткері саналады. Бұған дейін олардың жекпе-жегі жазда өтуі мүмкін екені хабарланған.
Жарнама