Бокс
4 маусым 2021 21:59

18 жастағы қазақ боксшыға сыйға пәтер берілді

Сурет: olympic.kz©

Азия чемпионатының күміс жүлдегері Даниял Сәбит Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

18 жастағы спортшыға бір бөлмелі пәтер мен екі миллион теңге сыйға тартылды. 

Биылғы өткен құрлықтық жарыста ерлер құрамасынан ешкім алтын алмады, ал күміс жүлдегерлердің бірі осы Даниял болды. 49 келі салмақтағы шешуші айқаста ол өзбекстандық боксшыға есе жіберді. Дегенмен бұл Даниялдың ересектер арасында өткізген бірінші халықаралық жарысы және бокспен ол екі жыл ғана шұғылданған. Кейінгі сұхбатында ол алтынға жету үшін тәжірибе жетпегенін мойындады. 

"Бапкеріме өте ризамын, ол мені үлкен жетістіктерге жетелеп келеді. Екінші орын - бұл жақсы көрсеткіш. Мұнымен тоқтап қалмай, ары қарай еңбектене беремін", - дейді боксшы.