18 жастағы "чемпион" және Өзбекстанмен айқас. Кіші әлем чемпинатына тікелей трансляция
Бүгін, 24 ақпанда қазақстандық боксшылар Болгария астанасы Софьяда өтіп жатқан дәстүрлі "Странджа кубогі" халықаралық турнирінде рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 24 ақпанда қазақстандық боксшылар Болгария астанасы Софьяда өтіп жатқан дәстүрлі "Странджа кубогі" халықаралық турнирінде рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Төртінші күннің күндізгі сессиясында "Қазақ Ломаченко" атанып кеткен 18 жастағы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) өнер көрсетеді. Сонымен бірге, үш бұрымды боксшымыз жекпе-жек өткізеді - Алуа Балқыбекова (48), Валентина Хальзова (70) және Анастасия Баязитова (81). Айта кетейік, Баязитованың қарсыласы өзбекстандық Сохибо Рузметова болады.
Басталуы 18:00.
Кешкі сессияда Бейбарыс Жексен, Оразбек Асылқұлов (екеуі де 57 келіге дейін), Абзал Серік (63,5), Дулат Бекбауов (67), Ермахан Жақпеков (71), Нұрқанат Райыс (75), Ерасыл Жақпеков (до 80) және Сағындық Тоғамбай (до 86) жұдырықтасады.
Басталуы 22:00.
Жарнама