18 жастағы қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүігн, 25 мамырда ол 1/4 финалдық кездесуін өткізді. 49 келі салмақта Даниялдың қарсыласы индонезиялық Корнелис Квангу Лангу болды. Үш раунд қорытындысы бойынша қазақ боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, жартылай финалға шығу арқылы Даниял Азия чемпионатының жүлдесіне ілікті, бұл Қазақстан қоржынына түскен бірінші жүлде болады. 1/2 кезеңде жеңіске жете алса, ол алтын үшін жұдырықтасады, ал жеңілсе қола жүлде иеленеді.