Орта салмақта жұдырықтасатын британиялық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 KO) IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) ашық түрде сес көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек қазіргі уақытта WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) жекпе-жекті күтіп жүр. Ол Адаместі айқасқа шақырып жүргенде, оған күтпеген жерден Бентли үн қатты:
"Әлем сенің жалған ұрандарыңнан шаршады. Мен саған жақындап келемін, сені сабаймын және белбеуімді қайтарып аламын!", - деп жазды британиялық боксшы X әлеуметтік желісінде.
Айта кету керек, Жәнібек пен Дензел бұған дейін рингте кездескен. 2022 жылғы 12 қарашада өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Бентли - орта салмақта үш дүркін Ұлыбритания чемпионы. Сонымен қатар, ол Еуропа чемпионы және WBO International белбеуінің иегері.