17 нокауты бар Олимпиада жүлдегері Головкинді жұдырықтасуға шақырды

© Top Rank
2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (25-0, 17 КО) орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"GGG-мен жекпе-жек қалаймын. Чемпиондар келіңдер жұдырықтасайық. Сендерге жақсы жекпе-жек көрсетемін", - деп жазыпты спортшы твиттер желісінде.