Бокс
6 қараша 2020 10:11
 

17 нокауты бар "Құбыжық" P4P рейтингінде "Канелодан" көшбасшылықты алып қойды

  Пікірлер

blog.share

17 нокауты бар "Құбыжық" P4P рейтингінде "Канелодан" көшбасшылықты алып қойды Сурет: Boxing Junkie

Бокс рейтингі бойынша трансляциялық кеңес сайты (TBRB) әлемдегі ең мықты pound for pound боксшылардың жаңартылған тізімін жариялады,-деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Бокс рейтингі бойынша трансляциялық кеңес сайты (TBRB) әлемдегі ең мықты pound for pound боксшылардың жаңартылған тізімін жариялады,-деп хабарлайды Vesti.kz

Осылайша, "Құбыжық" лақап атты жапониялық Наоя Иноуэ (20-0 (KO) рейтингте бірінші болды, бұл орыннан ол Сауль "Канело" Альваресті (53-1-2, 36 КО) ысырып тастады - мексикалық енді екінші. Ең мықтылар үштігінде америкалық Теренс Кроуфорд (36-0, 27 КО). Ал қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) алтыншы орында қалды: 

1. Наоя Иноуэ 
2. Сауль "Канело" Альварес
3. Теренс Кроуфорд 
4. Александр Усик 
5. Тайсон Фьюри 
6. Геннадий Головкин 
7. Теофимо Лопес 
8. Хуан Франсиско Эстрада 
9. Эррол Спенс-младший 
10. Василий Ломаченко

Айта кетейік, Иноуэ кейінгі рет 31 қазан Лас-Вегаста жұдырықтасып, жетінші раундта аустралиялық Джейсон Молониді нокаутқа түсірген. Осы арқылы өте жеңіл салмақта WBA, IBF және The Ring журналының белбеулерін қорғап қалды. 

Жарнама

Живи спортом!