Бокс
6 ақпан 2020 09:33

17 нокауты бар қазақстандық боксшының титул жеңіп алғаннан кейінгі жекпе-жек уақыты айтылды

Сурет: Pound4Pound.com
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров (24-0, 17 КО) рингке наурыз соңы немес сәуір басында оралады. 29 жастағы спортшы былтыр шілдеден бері жұдырықтаспады, ал күзге белгіленген жекпе-жегі жарақат салдарынан өтпей қалған, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы келесі кездесуіне барынша дайындалып жатыр. Дегенмен әзірге жекпе-жектің өтер орны мен нақты күні белгісіз. Бұл кездесуде Тұраровқа тиесілі WBO Inter-Continental белбеуі сарапқа салынуы мүмкін. 

2019 жылы Тұраров салмақ категориясын өзгерткен. Бұрын ол жартылай орта салмақта (147 фунт) өнер көрсетсе, қазір бірінші жартылай орта дивизионға (140) түсіп, аргентиналық Мауро Максимилиано Годоймен жекпе-жекте жоғарыда аталған титулды жеңіп алған еді.