17 нокауты бар жеңілмеген қазақ боксшының келесі жекпе-жегі белгіленді

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) алтыншы тамыз Белфастта (Солтүстік Ирландия) жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының мәліметінше, бұл күні ол британиялық Тайрон Маккеннамен (21-2-1, 6 КО) жұдырықтасады. Жанқош бұл қарсыласымен бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын қорғау үшін сәуір айында Дубайда жекпе-жек өткізу керек болған. Алайда Тұраров коронавируске шалдығып, бұл айқас кейінге қалған. 

Еске салайық, Жанқош кейінгі рет 2019 жылы Нұр-Сұлтанда аргентиналық Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) нокаутқа түсіріп, белбеуін сол кезде иеленген.

Ал "Кельт" лақап атымен танымал Маккенна 2020 жылы қыркүйекте WBC International титулы үшін айқаста отандасы Охара Дэвиске (22-2, 12 КО) есе жіберді. 

Жаңалықтар