17 нокауты бар әлем чемпионы Әлімханұлымен жекпе-жекке келісті
Орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) WBO титулын сәтті қорғағаннан кейін өзге чемпиондарды айқасқа шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) WBO титулын сәтті қорғағаннан кейін өзге чемпиондарды айқасқа шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Өзге чемпиондардың барлығы менің 12 раунд өткізгенімді көрді және естіді. Енді олар менен қашқанын қоятын шығар. Бұрын олар нокаутқа түсіп қаламын деп қорықса, енді нокаутсыз жеңілеріне үміт пайда болды. Бірақ мен олар үшін бірдеңе дайындап қойдым", - деп жазған еді Жәнібек "твиттерде".
WBC "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (22-1, 17 КО) қазақ боксшының ұсынысын қабыл алды: "Мен дайынмын".
Алайда бұл айқасқа бірнеше фактор бөгет. Біріншіден боксшылар бір-біріне бәсекелес промоутерлердің қол астында (Эл Хэймонның PBC компаниясы және Боб Арумның Top Rank компниясы) және түрлі платформада (Showtime және ESPN).
Екіншіден, WBC Акапулькода (Мексика) өткізген 60-шы конвенциясында Адамеске ұйым чемпионы Джермалл Чарломен жекпе-жек ұйымдастыруға кепіл берді.
Жарнама