17 жүлде. Кіші әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар қанша сыйақы алғаны айтылды
Болгария астанасы Софияда өткен "Кубок Странджа-2022" халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Болгария астанасы Софияда өткен "Кубок Странджа-2022" халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен бұл жарыста Қазақстан 17 жүлдемен (4-4-9) жалпыкомандалық есепте үшінші болды. Бірінші Өзбекстан (6-0-1), екінші - Ресей (5-5-11).
Ерлер құрамасында тоғыз жүлде. Алтын алғандар Махмұт Сабырхан (54 келіге дейін) және Сағындық Тоғамбай (86). Күміс - Дамир Әбдіқадыр (51) және Дулат Бекбауов (67). Қола - Санжар Тәшкенбай (48), Тимур Қабдешов (51), Абзал Серік (63,5), Абзал Құттыбеков (92) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден аса).
Ал бұрымдыларымыз сегіз жүлде жеңіп алды. Алтын Назым Қызайбай (50) мен Валентина Хальзовада (70). Күміс Дина Жоламан (54) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден аса). Қола - Римма Волосенко (60), Дариға Шакимова (66), Надежда Рябец (75) және Анастасия Баязитова (81).
Турнирдің жалпы жүлде қоры - 200 000 доллар. Чемпиондар 4000-нан алды, финалистер - 2000, қола жүлдегерлер - 1000 доллардан.
Осылайша, қазақстандық боксшылар жалпы 33000 доллар иеленді.
Жарнама