Қазақстандық боксшы Әмір Мұхит Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Эмир Мұхит ринг иесі Ахмадхон Абдусатторовпен кездесіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы U-17 жас санатында өнер көрсетеді.