Суперорта салмақтағы мексикалық проспект Эдвин Гаэль Лопес (2-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.
Мексиканың Сапопан қаласында өткен бокс кешінде 17 жастағы Лопес 31 жастағы отандасы Брайан Мартинеспен (3-1, 3 КО) жұдырықтасты.
Бұл айқас үшінші раундта аяқталды, Лопес қарсыласын бір соққымен терең нокаутқа түсірді.