Екінші орта салмақта чемпиондыққа үміткер болған украиналық боксшы Макс Бурсак (37-6-2, 16 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді.
Бурсак кейінгі рет былтыр қазанда Украинада жұдырықтасып, Дмитрий Семернинді (14-7-1, 8 КО) төрешілер шешімімен жеңген.
"Қаржысы мол үш-төрт айқас өткізуім керек. Кіммен болса да жұдырықтасамын. Кез келгенімен: Альварес, Рамирес, Головкин. Бастысы жекпе-жек болса болды. Бір жыл жұдырықтаспадым", - деп береді боксшының сөзін Pro Boxing Ukraine басылымы.
Еске салайық, Бурсак 2017 жылы WBO титулы үшін айқаста мексикалық Хильберто Рамирестен жеңілген болатын.