16 қарсыласын талдырған. Батыр Жүкембаевты жеңген нокаутшы боксшылар одан неге қашатынын айтты

©BBC

33 жастағы ресейлік Петрос Ананянды (16-2-2, 7 КО) жеңген жағдайда 29 жастағы пуэрториколық Сабриэль Матиас (17-1, 17 КО) IBF чемпионы британиялық Джош Тейлорға (18-0, 13 КО) міндетті қарсылас атанады, деп хабарлайды Fightnews.info.

"Тейлорға қатысты алда оның Джек Каттераллмен айқасы бар. Сондықтан күту керек. Джошуаның келесі қарыласы мен болатыныма жүз пайыз кепіл жоқ. Оған үміткерлер кезекте тұр. 26 ақпандағы жекпе-жегінен кейін белгілі болады. 

Шынын айтқанда, менен қашып жүрген жігіттер боксқа бизнес ретінде қарайды. Оны түсінемін. Ал мен чемпион бола салысымен қашып жүргендер еш күмәнсіз менімен жұдырықтасуға келісе кетеді. 

Анаянға айтарым жоқ. Жекпе-жекке дейін аз уақыт қалды. 22 қаңтарда көрісеміз. Бұл айқаста нокаут болары сөзсіз", - дейді Матиас. 

Еске салайық, Сабриэль карьерасында жалғыз рет есе жіберген. 2020 жылы сол Ананянмен кездесуде. Ал былтыр ол қазақстандық Батыр Жүкембаевпен (19-1, 15 КО) жұдырықтасып, сегізінші раундта жеңіске жеткен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар