16 жаста кәсіпқойда жұдырықтасқан Мексика чемпионы жиырмадан асқанда көз жұмды

Сурет: El Siglo de Torreón
Кәсіпқой карьерасында жеңілмеген мексикалық боксшы Алехандро Гонсалес 21 жасында көз жұмды.Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ресми сайтында хабарланған.

"Гонсалес 21 жасында дүниеден өтті, ол ұзақ жыл лтмфалық түйіндердің обырымен күресіп келді. Болашағы зор боксшы еді. WBC мықты боксшының отбасы мен жақындарына көңіл білдіреді. Алехандро мәңгі жадымызда", - деп береді WBC басшысы Маурисио Сулейманның сөзін The Sun. 

Гонсалес қатарынан 15 жекпе-жекте жеңіске жеткен (11 нокаут). Кәсіпқой карьерасын 2015 жылы 16 жасында бастаған екен. Рингке соңғы рет 2019 жылы 13 сәуірде шыққан. Әл әуесқойда Гонсалес 180 жекпе-жек  өткізіп, үш дүркін Мексика чемпионы болған.