Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) үшінші айқасын өткізуге "үміткер" атанып отырған үш арена анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
ESPN мәліметінше, ең ықтимал үштікке Лас-Вегастағы Allegiant Stadium (72 мың адам сыйады) және T-Mobile Arena, сондай-ақ Техас штаты Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium (105 мың адам) кіріп отыр.
Мұның алдында промоутер Эдди Хирн трилогия уақыты мен жекпе-жек туралы қашан жария етілетінін айтқан.