Бокс
26 қыркүйек 10:46

15 нокауты бар "Қуат" өзбек боксшыны талдыруға дайын

©

Намибиялық боксшы Филлипус Нгхитумбва (17-2, 15 КО) жапониялық Наоя Иноуэ (31-0, 27 КО) мен өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев (14-2, 11 КО) арасындағы жекпе-жекке көңілі толмағанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аталған кездесу 14 қыркүйекте Жапонияда өтті. Иноуэ ұпай санымен жеңіске жетіп, екінші жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағын сақтап қалды.

"Бұл көңіл құлазытар жекпе-жек болды. Қызықсыз, әрекетсіз өтті. Мұндай деңгейдегі кездесулерде бұлай болмауы керек. Егер ол (Ахмадалиев) бұл шайқасқа дайын болмаса, чемпионға не үшін сын айтты? Мен екеуін де бір кеште нокаутқа түсірер едім", – деді Нгхитумбва The Ring басылымына берген сұхбатында.

Биыл екі жеңіске жеткен "Energy" (Қуат) лақап атты Нгхитумбва алдағы уақытта да белсенді түрде өнер көрсетіп, әлемдік аренада өз мүмкіндігін күтпек.

"Әлемнің бұл бөлігінде мүмкіндіктер өте шектеулі, бұл өте қиын. Бірақ мен өз уақытымды күтемін. Бүкіл әлемге өзімнің мықты екенімді дәлелдеймін. Менің промоутерім маған бос уақыт бермейді, және ол маған лайықты қарсыластар тауып отыратынына сенемін", – деді ол.

Айта кетейік, Нгхитумбваның сөзіне көпшілік аса мән бермеген сыңайлы, себебі оның кәсіби карьерасында 17 жеңіспен қатар екі жеңіліс те бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport