15 миллиард гонорар. Канелоға 34 боксшыны сұлатқан нокаутшымен айқас ұсынды
Америкалық Premier Boxing Champions компаниясы суперорта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альвареске (60-2-2, 39 КО) 4 мамыр Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегіне қарсылас ұсынды, деп жазады Vesti.kz.
Америкалық Premier Boxing Champions компаниясы суперорта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альвареске (60-2-2, 39 КО) 4 мамыр Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегіне қарсылас ұсынды, деп жазады Vesti.kz.
ESPN мәліметінше, Эл Хэймонның PBC компаниясы Канело мамырда отандасы Хайме Мунгиямен (43-0, 34 КО) жұдырықтасатын болса, кепілді 35 миллион доллар (15 миллиард теңге) гонорар төлеуге дайын екен.
PBC өкілдері Канело мен Мунгия айқасы орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарломен (33-0, 22 KO) жекпе-жекке қарағанда жақсы сатылатынына сенімді. Ал Чарломен айқас үшін компания мұнша сомманы төлемейді екен.
Жарнама