15 жаста. "Канелоның" ең алғашқы айқасының видеосы

©zen.yandex

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) кәсіпқой бокста алғашқы айқасын 15 жасында өткізіп, жеңіс үшін 40 доллар алған екен.

2005 жылғы жекпе-жек видеосын "Ушатайка" телеграм арнасы жариялап отыр.

"Сауль Альварестің кәсіпқойдағы бірінші айқасы. "Канело" 15 жаста. Қарсылас - Абрахам Гонсалес. Мексиканың Халиско штатындағы Тонала қаласында орналасқан "Чололо Лариос" аренасы. Төртінші раундтағы техникалық нокаут. Халық жекпе-жекті ерте тоқтатып жатқанына наразы. 

Бұл айқасы үшін Сауль 800 песо (қазір шамамен 40 доллар) алыпты. Ақшасы жекпе-жекке дейін төленді, оның жартысын "Канело" туыстарының билетіне жұмсады. Ал енді Дмитрий Биволмен айқас үшін ол 40 миллион доллар алады", - деп жазады дереккөз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар