Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын аустралиялық боксшы Теремоана Теремоана (13-0, 13 KO) кәсіпқойда он үшінші жекпе-жегін нокаутпен аяқтап, IBF Inter-Continental чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Теремоана қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді
Жекпе-жек Аустралияның Мельбурн қаласында өткен кәсіпқой бокс кеші аясында ұйымдастырылды. Жергілікті боксшының қарсыласы Жаңа Зеландия боксшысы Хеми Ахио (25-2, 19 KO) болды.
Бұл кездесуде аса ауыр салмақтағы IBF Inter-Continental ұйымының бос тұрған белбеуі сарапқа салынды. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Теремоана қарсыласын оң қолымен бағытталған жанама соққымен есеңгіретіп, рингке құлатты. Төреші Ахионың жағдайын бағалап, кездесуді тоқтату туралы шешім қабылдады. Осылайша, аустралиялық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
All over in round 2, Teremoana does it again ? #TeremoanaAhio https://t.co/XX08NkFPwK
— Matchroom Boxing (@MatchroomBoxing) November 18, 2026
Осылайша, Теремоана мерзімінен бұрын жеңіске жету көрсеткішін 100 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Ол кәсіпқой бокстағы 13 жекпе-жегінің барлығын нокаутпен аяқтаған.
2024 жылғы Олимпиадада Жалоловтан жеңілген
Айта кетейік, кәсіпқой боксқа ауысқанға дейін Теремоана әуесқойлар арасында өнер көрсетіп, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында Аустралия намысын қорғады.
Ол Олимпиадада ширек финалға дейін жетіп, өзбекстандық Баходир Жалоловтан жеңілді. Кейін Жалолов Олимпиада чемпионы атанды.
Жарнама