Бокс
9 қыркүйек 2020 15:09
 
Мұнда да Головкин. "Канелоның" 280 миллион долларға арызының мән-жайы ашылды

  Пікірлер

blog.share

Мұнда да Головкин. "Канелоның" 280 миллион долларға арызының мән-жайы ашылды

Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) өзінің промоутері Оскар Де Ла Хойя, Golden Boy Promotions компаниясы мен DAZN стриминг қызметіне қарсы Лос-Анджелестің Федералды сотына арыз берген болатын. Боксшы шығынды 280 миллион долларға бағалап отыр. 

Атап айтқанда "Канело" жоғарыда аталғандарды 2020 жылы бірде-бір жекпе-жек өткізе алмағанына кінәлі деп отыр. Осыған байланысты мексикалық басқа платформаларда, өзге де промоутерлердің шоуына қатысу құқын алмақ. 

Алайда Альваресте DAZN платформасымен тікелей келісімшарт жоқ. Келісім Golden Boy мен DAZN арасында жасалған. Енді мексикалыққа промоутер мен платформа арасындағы бенефициар екенін дәлелдеу қажет. Алайда бұл заңнамалық тұрғыда өте қиын. 

Арызда Альварес GBP компаниясының шоуларын DAZN қасақана өткізбей қойғанын, осы себепті боксшы келісімде көрсетілген ақшасын ала алмай отырғаны айтылған. 

Бұл таяқтың бір ұшы Golden Boy компаниясына да тиіп отыр. Компания DAZN платформасына Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасында үшінші жекпе-жекке уәде берген. Ал бұл туралы "Канелоға" ескертілмеген екен. 

"Канело" Golden Boy мен DAZN соңғы шешімді платформа қабылдайтынын сырттай шешкенін айтады. Демек GBP мен DAZN арасындағы келісімшарт промоутер мен боксшы арасындағы келісімге әдейі қайшы жасалған. 

Ендігіде айыпталушы тарапта "Канело" шағымына жауап беру үшін 30 күн уақыты бар.

Жарнама

Живи спортом!