Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Дәл қазір". Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берген әлем чемпионы GGG-ді жекпе-жекке шақырды

Ол қазақстандық Альваресті жеңді деп ойлайды.

"Дәл қазір". Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берген әлем чемпионы GGG-ді жекпе-жекке шақырды
Сурет: boxko.ru
Орта салмақта WBA тұжырымынша "уақытша" чемпион британиялық Крис Юбенк (29-2, 22 KO) осы дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді. 

"Маған аты шыққан боксшылар, белбеу керек. Бір жылдан бері қалағаным осы, енді міне дайынмын. Жаттығып жүрмін. Геннадий Головкинмен дәл қазір қуана жұдырықтасамын. Өте керемет жекпе-жек болар еді. Ол әлі де аса қауіпті. Ол "Канеломен" жекпе-жектің біреуін болсын жеңді деп ойлаймын. Тәжірибесі мен күш-жігерін ескере отырып, GGG сияқты боксшыны бағаламауға болмайды. Онымен бірнеше жыл бұрын жұдырықтасуға тырысқанмын, бірақ, ол Келл Брукпен айқасты. Бұл жекпе-жек менен тартып алынды, оған қатты өкінемін", - деді Юбенк Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

Чемпиондардан бірінші Головкинді сұлатам деген 22 нокауты бар боксшыны GGG-дің бапкері орнына қойды

Еске салайық, Головкин мен Юбенк 2016 жылы жекпе-жек өткізуге жақын еді, алайда, соңғы сәтте келіссөздер тығырыққа тірелді. Осыдан кейін қазақстандық боксшы Келл Брукпен (39-2, 27 КО) жұдырықтасты. Британиялық бесінші раундта жеңілді, кейін оның көз сүйегі сынып кеткені анықталған болатын. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости