Бокс
15 сәуір 2020 09:20
 
Қанат Исламның 28 нокауты бар қарсыласы "Канеломен" жұдырықтасуды көздеп отыр

  Пікірлер

blog.share

Қанат Исламның 28 нокауты бар қарсыласы "Канеломен" жұдырықтасуды көздеп отыр Сурет: RingSide24

Бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (34-0, 28 КО) отандасы Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шыққысы келеді. Бұл туралы оның промоутері Фернандо Белтран vRINGe.com порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Промоутердің сөзінше, Мунгия "Канеломен" орта немесе екінші орта салмақта жұдырықтасуға дайын.

"Канелоны" құрметтеймін, оған тамсанамын. Жанкүйерімін. Дегенмен бүгінгі таңда менің боксшым мықтырақ деген ойдамын. Мунгия алдынан шыққан кедергілердің бәрінен өте алды. Кеісімшарт қолымызға ертең тисе, ертең-ақ "Канеломен" жекпе-жек өткіземіз. Басымдық бізде емес екенін түсінеміз. Бірақ бокс тек пайым емес, мұнда мүмкіндіктер де бар.

Мунгия ортадан суперорта салмаққа дейінгі кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын. Кіммен болса да айқасады. Ал "Канелоны" бағыттайтын өз командасы бар. Ол өз болашағын өзі шешеді", - дейді Бельтран. 

Айта кетейік, Мунгияның ісін Бельтранмен бірге Golden Boy промоутерлік компаниясы жүргізеді, дәл осы компанияның басты жұлдызы Сауль Альварес. Екі боксшының да жекпе-жектерін DAZN трансляциялайды.

Мұың алдында Мунгияның келесі қарсыласы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) болатыны хабарланған еді. 

Жарнама

Живи спортом!