Полиция "Астана Арландары" экс-бапкерінің бас сүйегін сындырған күдіктіні қамауға алды
Украинада "Астана Арландары" командасының бұрынғы бапкері Сергей Корчинскийді соққыға жықты деген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Xsport.ua.
39 жастағы Карен Саркисян 2018 жылы Николаев қаласында Корчинскиймен сөзге келіп қалады. Осыдан кейін бапкер жабық бас сүйек-ми жарақатын алады, самай тұсының сүйегі сынады және миына ауыр зақым келеді. Осының салдарынан Корчинский ұзақ уақыт ес-түссіз жатады, ал қазір сауығу курсынан өтуде.
Оқиғадан кейін Саркисян қазір Ресейге қарасты Қырымға қашып кеткен. Ол халықаралық іздеуге жарияланған болатын.
26 наурызда Саркисян Николаев қаласының Ингульский ауданының полиция бөлімшесіне өзі келіп беріледі. Тергеу аяқталғанға дейін ол 60 күнге қамауға алынды.
57 жастағы Корчинский Қазақстанда "Астана Арландарын" жаттықтырғанымен танымал, осы бапкердің жетекшілігімен команда 2013 жылы Бүкіләлемдік бокс сериясын (WSB) жеңіп алды. Сол жылы "арландар" финалда "Украина атамандарынан" басым түсті де, Корчинский WSB-дің ең мықты бапкері атанды. Ал "Астана Арландарына" дейін ол WSB-ді италиялық MilanoThunder командасымен жеңіп алған.

Жарнама